Ақтөбенің шалғай ауылында құрт шығарылып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында құрт шығарылып жатыр. Құртты қаптауға арналған құрал-жабдық Қытайдан әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде құрт шығырыла бастады. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ырғыздың Нұра ауылында туып-өскен Қанат Ермағанбетов, Айбол Әлқуатов ауылдан кәсіп ашты. Шағын цех ішінде құрт жасалып, қапталады. Сонымен қатар, Ырғыз ауданының балағы вакумге салынып, сатуға шығарылады.

«Әли-Нұр» жеке шаруашылығының иелері Ақтөбе қаласында тұрады. Туған жерге көмек көрсетуді мақсат еткен кәсіпкерлер биыл ауылға құрт жасап, қаптайтын, кептірілген балықты вакумге салып, целлофанға орайтын аппарат әкелді. Ауылда екі адамды жұмысқа алды. Цех сүт пен сүзбе қабылдайды. Ауыл  тұрғындары үшін де сүт табыс көзіне айналды. Бұрын әйелдер сиыр саумайтын еді, қазір тапсырып отыр. Сүзбенің келісін 700 теңгеге қабылдайды. Ал ай сайын 200-300 келі сүзбе өңделіп, құрт шығарылады»,- деді Нұра ауылының әкімі.

null  

Құрт шығаратын цех қыста да жұмыс істейді. Ауылда жеке үйлер дайындаған құртты сатып алып, өңдеуден өткізетін цехның дайын өніміне сұраныс жоғары. Айына екі рет дайын өнім Ақтөбе облысының орталығына жеткізіледі. Сонымен қатар, балық қақтайтын цех іске қосылады. Ырғыздың балығы вакумге салынып, арнайы сауда орындарына жеткізіп жатыр.

«Құрт табиғи өнім. Сүзбе мен тұз ғана бар, қоспасы жоқ. Кәсіпкерлердің ауылға келіп, іс бастауы қарапайым халық үшін үлкен көмек болып тұр. Көшу үрдісі тоқтап, адамдарға жұмыс табылды. Жалпы Нұра ауылында 21 шаруа қожалығы бар. Ауыл маңындағы екі көлді де кәсіпкерлер жалға алды. Байтақ көлінен балық аулап, коммуналдық базарға шығарып жатыр. Жыл сайын Қызылордадан шабақ әкеліп, жібереді»,- деді Нұра ауылының әкімі Жолаушыбай Төлебайұлы.

null 

 

Соңғы жаңалықтар