Ақтөбенің жолдарында бейнекамералар көбейеді
Сондай-ақ, көше қиылыстары мен жолдың желілік учаскелерінде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін 38 камера орнатылмақ.
«Бүгінгі таңда облыс орталығында Ақтөбе қаласы ІІБ Жедел басқару орталығына тікелей жалғанған 208 видеокамера бар. Хромтау қаласында 27 видеокамера жұмыс істеп тұр, олардың көмегімен былтыр 97 қылмыс ашылып, 19 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды», - деді Қаныбек Жақсығалиев.
Ақтөбе әкімдігі «SmartCity Актобе» мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасы аясында 260 бейнекамера орнатылатын 147 көпқабатты үйдің алаңы анықталған. Жылдың соңына дейін Ақтөбедегі кіреберістерге 2,5 мыңнан астам камера орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, видеобақылау жүйесі облыстағы бірқатар аудан орталықтарында да пайда болады. Алға, Қандыағаш, Шалқар қалалары үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Бұл жерлерде жаңа мамандандырылған Жедел басқару орталықтары салынған.