08:31, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ақжайық ауданында 263 жас маман «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы алды
ОРАЛ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҚО-ның Ақжайық ауданында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Соңғы төрт жыл ішінде барлығы 263 маманға 27104,0 мың теңгеге көтерме жәрдемақы берілсе, осы уақытта 94 маманға 155217,8 мың теңгеге бюджеттік несие беріліп, олар тұрғын үй сатып алды. Бұл олардың алаңсыз жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызды. Тек соңғы 2012 жылға көтерме ақы 59 адамға 6.683 мың теңге берілсе, 51 маман несиеге үй алды. Ол 108558 мың теңгені құрап отыр.
Жайық негізгі мектебінің мұғалімі Әселхан Тапалованың айтуынша, 2,5 млн. теңгеге несие ақшаға үй саудалаған. «Өзімізге ұнайды. Отбасым бар. Ауылдық жердегі мамандарға мұндай қамқорлық Елбасы қамқорлығының, ел мұраттарының бір үлгісі деп білемін. Соған сай еңбек етуге тиіспіз», - деді математик Ә.Тапалова.