Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Al Hilal» Ислам банкі» 2011 жылдың соңында бөлшектеп несиелеу қызметін енгізуді жоспарлап отыр - Басқарма төрағасы

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстандағы «Al Hilal» Ислам банкі» 2011 жылдың соңында бөлшектеп несиелеу қызметін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында аталмыш банктің Басқарма төрағасы Прасад Абрахам мәлім етті.

«Al Hilal» Ислам банкі» 2011 жылдың соңында бөлшектеп несиелеу қызметін енгізуді жоспарлап отыр - Басқарма төрағасы

«Бөлшектеп несиелеуді 2011 жылдың соңында бастауды көздеп отырмыз. Корпоративтік жобалармен жұмыс істеу барысында салықтық және заңнамалық түйіткілдермен кездестік. Қазір бұның барлығы шешімдерін табу үстінде. Қазақстан Президентінен бастап министрліктер өкілдерінің тарапынан қолдау көруіміз бізді аса қуантады», - деді ол.

П.Абрахамның сөзіне қарағанда,«Al Hilal» Ислам банкі» барлық қызмет түрлерін Қазақстанға бірден енгізбейді. Несиелер алдымен, автокөліктерді сатып алуға беріле бастайды. Одан кейін бөлшектеп несиелендіру жүйесі іске қосылмақ. Ал ипотекалық несиелендіру - банк жоспарының соңында тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда өз кеңсесін 2010 жылдың наурыз айында ашқан аталмыш банктың бүгінгі күндегі негізгі жұмысы корпоративтік келісімдерге бағытталған. Одан бөлек, депозиттік жүейлерді, есептік-кассалық операциялар мен Қазақстан аумағында және шет елдерге ақша аударымдарын жасау қызметтерін ұсынып отыр.