09:37, 11 Шілде 2017 | GMT +5
Альварес: Головкинмен айқас P4P үздік боксшысын анықтайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жегінде әлемнің бүгінгі күнгі ең мықты боксшысы анықталады деп есептейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Кіші Чавеспен жекпе-жегім көп жағдайда, жеке басыма байланысты болды, ал Головкинмен - анағұрлым кәсіби айқас», - деді «Канело» Fight Network-ке берген сұхбатында.
«Біздің жекпе-жек pound-for-pound-тың үздік боксшысы кім екендігін анықтайтын болады және бұл мен үшін маңызды. Кейбір айқастарға 5-6 жыл жұмсалды, ал біздің жекпе-жекке небәрі бір-бір жарым жыл қажет болды. Барлығы риза болады деп ойлаймын», - деп түйді Сауль Альварес.