Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Хельсингборгта (Швеция) өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль алды. 

үстел теннисі
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы 19 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты. 

Турнир барысында Алан Хьюго Джобсты (Швеция) 3:0, Обад Таббахты (Швеция) 3:0, Балазс Пурды (Венгрия) 3:1, Абхинандха Прадхивадхиді (Үндістан) 3:2, Ян Мругалды (Польша) 3:0, Йохан Хаустинді (Д.) 3:1 есебімен жеңді. 

Финалда Құрманғалиев Самуэль Мичнадан (Польша) 3:1 есебімен басым түсті. 

Бұл айтулы жеңісінен кейін теннисші 1 000 рейтингілік ұпай жинады. 

Осыған дейін қазақстандық үстел теннисшілерінің Тәжікстандағы турнирде 6 жүлде жеңіп алғанын хабарлағанбыз.