Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Alatau City-де майлы дақылдардан авиациялық отын өндіру жобасы іске асуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Alatau City майлы дақылдардан авиациялық отын өндіру жобасын пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлім етті.

авиациялық отын
Фото: TRT

- Қазақстандық өнімнің экспорт географиясын кеңейту, оның ішінде алыс шетел нарықтарына шығу мақсатында терең өңдеуді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Крахмал, аминқышқылдары, глютен, мал азығына арналған қоспалар және жоғары қосылған құны бар өзге де өнімдерді өндіруге бағытталған алты ірі жобамен қатар, Alatau City әкімшілігі қытайлық «Full Vision Capital» компаниясымен бірлесіп майлы дақылдардан авиациялық отын өндіру жобасын пысықтауда. Биыл Қытайдың Fufeng Group компаниясының Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу жобасын іске қосуы ерекше бақылауда тұр, - деді А.Сұлтанов Үкімет отырысында.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұған дейін хабарланғандай, жарты жылда ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңге болды.