Алатау қаласында танымал кәсіпорын қалдықтарды заңсыз көмген

АЛАТАУ. KAZINFORM – Алатау қаласында өндірістік қалдықтарды заңсыз жерге көму деректері анықталды.

қоқыс
Фото: видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде танымал сусындарды, чипсы мен басқа өнімдерді өндіретін PepsiCo компаниясы зауыттан шыққан қалдықтарын Алатау қаласының «Ынтымақ» шағын ауданында заңсыз жерге көмгені туралы бейнежазба тарады.

Бұл дерекке қатысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 30 желтоқсанында Алатау қаласының әкімдігі аталған фактке байланысты PepsiCo компаниясының, мердігер ұйымның және жергілікті қауымдастық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізген. Сондай-ақ Алатау қаласының полициясы тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша материалдар Алматы облысының экология департаментіне жолданған.

- Қалдықтарды заңсыз көму фактілері анықталды. Қалдықтар алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында кәдеге жаратылды. Құзырлы органдар тарапынан құқықтық баға беру нәтижелері күтіледі, - делінген әкімдік жауабында.

Еске салайық, Қазақстанда түзілетін 4,5 млн тонна қалдықтың төрттен бірі ғана өңделеді.

Соңғы жаңалықтар