Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алатауда жоғалған қыз бен жігіт байланысқа шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тауда жоғалып кетті деп хабарланған Ильдар Галиев пен Татьяна Рыжова байланысқа шықты. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Алатауда жоғалған қыз бен жігіт байланысқа шықты

«Біздің бөлімшеге ешқандай ресми хабарлама түскен жоқ, бірақ әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жоғалған жастар туралы біліп, істі өз қолымызға алдық. Достарының бірі Татьяна Рыжованың хабарласқанын айтты. Хабарламада Татьяна бәрі жақсы екенін, таудан түсіп келе жатқандарын жазған. Мен олардың екеуімен де (Ильдар және Татьянамен - ред.) сөйлесіп, алаңдап отырған әкелеріне хабарласуын өтіндім. Олар хабарласты», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ильдар Галиевтің әкесі Рамиль Галиев 5 тамыз күні тауға кеткен ұлы мен жолдас қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді.