Алаяқтық жолмен машина сататын тараздық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда 2 миллион теңгеден жоғары соманы құрайтын екі алаяқтық әрекет жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жамбыл облысы ІІД-інің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

2 қыркүйек күні Тараз қаласының полиция бөлімшесіне бір-біріне ұқсас екі шағым келіп түсті. «Киа-Соренто» маркалы автокөлігін сатамын деген белгісіз біреу Жамбыл облысының екі тұрғынының сеніміне кіріп, алдап ақшаларын жымқырған.

Алаяқ бірінші жәбірленушіден 900 000 теңге, ал, екіншісінен - 1 135 000 теңге алған. Полиция қызметкерлері қаскүнемді ұстады, ол бұған дейін де алаяқтық әрекеті үшін сотталған Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар