Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтады
АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы күндері ел аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны өтеді.
Суық ауа массаларымен толығатын циклонның әсерінен еліміздің көптеген өңіріне жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Жауын-шашынмен бірге ауа температурасының төмендеуі де күтіледі. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22–27°С шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33–38°С-тан жайлы 27–32°С-қа дейін төмендейді.
Айта кетелік бүгін Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды.