Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК 19-21 қазан күндергі ауа райына болжамын ұсынды, деп хабарлайды Кazinform.

ауа райы
Фото: pixabay.com

Атап айтқанда, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Одан әрі ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар ығысады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы әлі де ашық болады.

Түнде республиканың басым бөлігінде температура бағамы -2 – +10 жылыны көрсетеді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы +10-15 жылыдан +5-10 жылыға дейін төмендейді.

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті