ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық «Астана» футболдан Қазақстан Премьер-лигасы VIІІ турында ақтаулық «Каспийге» есе жіберді.
Биыл Премьер-лигаға қайта қосылған ақтаулық клуб қазірге дейін бірде-бір мәрте жеңіске жеткен жоқ еді. Есесіне команда құрамынан көптеген тәжіриелі футболшысы кетіп қалған астаналық команда жанкүйер көңілінен шыға алмай келеді.
Кездесу барысында екі команда жеңіске ұмтылды. Ойынның 84-минутында «Астана» сапынан Иван Башич пенальтиден мүлт кетсе, 96-минутта олардың қатарынан Санжар Әнуаров өзінің қақпасына гол соғып алды.
Осылайша «Каспий» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын бүгін астаналық «Жеңіс» Қостанайдың «Тобылын», «Атырау» Өскеменнің «Алтайын», жезқазғандық «Ұлытау» (Жезқазған) Семейдің «Елімайын» 1:0 есебімен жеңді.
Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін Шымкенттің «Ордабасы» клубы «Ақтөбеден» 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.
Айта кетсек, 2 мамырда өткен ойындарда өз алаңында Павлодардың «Ертісі» алматылық «Қайратқа», петропавлдық «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 0:1 есебімен жеңілсе, «Қайсар» (Қызылорда) — «Жетісу» (Талдықорған) 1:1 есебіне қанағат білдірді.