Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алдағы үш күнде елдің көп бөлігінде күн салқындайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 21–23 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

лавочка, лето, погода, жаз, ауа райы
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.

Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы:

еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында +20…+30°C;
орталығы мен шығысында +22…+35°C;
оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +27…+35°C болады.

Тек еліміздің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен жоғары температура сақталып, ауа температурасы +30…+42°C-қа дейін көтеріледі.

Айта кетелік еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынды болатыны туралы жазған едік