Алдағы күзде Парижде «Мұстафа Шоқайдың ізімен» деректі фильмі мен осы аттас кітаптың таныстырылымы өтеді

БРЮССЕЛЬ-ПАРИЖ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - «Мұстафа Шоқайдың ізімен» көпсериялы деректі фильм жасау жөніндегі жаңа жобаны жүзеге асыруды аяқтап жатқан қазақстандық делегацияны Франция Ұлттық ассамблеясының депутаты Тьерри Мариани қабылдады.
None
None
Сапар ауқымында депутат профессор Әбдіуақап Қараның осы аттас кітабын француз тіліне аударуға қолдау көрсететінін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Делегация үшін Ножан-сур-Марн, Шелл және Фонтенбло қалаларына бару, Францияның саясаткерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, ғылыми және академиялық топ өкілдерімен кездесулер және сұхбаттасу ұйымдастырылды. Қазақстандық делегацияны, сондай-ақ Ножан-сур-Марн және Фонтенбло қалаларының мэрлері Жак Мартан мен Фредерик Валету қабылдады. Ал Шелл қаласының әкімшілігі М.Шоқайдың зайыбы Мария Горина жерленген қорымда болуға көмектесті. Түркістан халықтарының бостандығы жолындағы көрнекті қайраткер М.Шоқай туралы деректі фильмге Париж университетінің вице-президенті Х.Нантер Гилом Курти, профессор Ванда Дресслер, құрметті профессор, Қазақстан Республикасының Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Альберт Фишлер, «Атамекен холдинг» компаниясының вице-президенті, еуропалық бөлімінің басшысы Мәлғожат Туар, Шығыс тілдері және өркениеті институты бөлімінің директоры Анн Малекс және оның әріптестері Яни Таве мен Франсис Ришар, белгілі жазушы Жак Жуе, орыс иммиграциясының өкілі, Орыс тілі мен мәдениеті орталығының директоры Ирина Демидова-Комо, қоғам қайраткері Софи Жубак, Ножан-сур-Марн қаласы муниципалдық мұражайының директоры Оливье Мэтр-Алэн, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері сұхбат берді. Делегацияға Мұстафа Шоқай атындағы «Қазақстан-Франция» достығы қауымдастығы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің ақпаратына қарағанда, фильм мен кітаптың таныстырылымы алдағы қыркүйек айында Парижде өтпек.
Соңғы жаңалықтар