Алдын ала қорытынды: Қарағанды облысынан Сенат депутаты Серік Өтешов болады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда сайлау учаскесінде Сенат депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысы айтылды. Ең көп дауысты Серік Өтешов жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында сенатор мандатына үш адам үміткер. Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау Қарағанды кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында өтті. Дауыс беруге облыстың барлық деңгейдегі 14 мәслихатының 191 сайлаушы – депутаттары жиналды.

Қарағанды облысында Сенат депутаттығына жеті кандидат ұсынылды. Үш кандидат тіркелген: облыстық мәслихат депутаты, коммерциялық құрылымның қызметкері және қоғамдық ұйымның өкілі.

Алдын ала есептеулер бойынша Мұрат Әбілов 15 дауыс жинады, Татьяна Шатохина - 24 дауыс, Серік Өтешов үшін 147 депутат өз дауыстарын берді. Барлығына қарсы - 2.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалды.

Сенатты қалыптастыру тәртібі ҚР Конституциясында айқындалған. Парламенттің жоғарғы палатасында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан екі адам ұсынылған. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар – мәслихат депутаттары жасырын дауыс берген кезде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл жағдайда жартысы үш жыл сайын қайта сайланады.


Соңғы жаңалықтар