Александр Бублик екінші рет Монпелье турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды.

Александр Бублик выиграл турнир в Монпелье
Фото: Sports.kz

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі финалда әлемнің 37-ракеткасы, хорватиялық, 27 жастағы Борна Чоричпен бетпе-бет келді.

Хорватиялық спортшы осыған дейін Марракеш, Галле және 2022 жылы Цинциннати мастерс турнирінде үздік шығып, әлемдік рейтингіде 12-орынға дейін көтерілген еді. 

Қарсыласынан бір жас кішілігі бар А.Бублик бұдан екі жыл бұрын осы Монпелье, өткен жылы Антверпен және Галле жарыстарының чемпионы атанған болатын.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 5:7.

Есесіне екінші сетті қос брейкпен өз пайдасына жазды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда А.Бублик тағы да брейкпен алда болды – 2:0. Осы қарқынынан ақыры танған жоқ – 6:3. 

Екі сағат 20 минутқа созылған финалдық бәсеке барысында Бублик 19 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 5 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді. 

Осылайша, Александр Бублик Монпельеде екінші рет чемпион атанып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монпелье турнирінің финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен Дэвис кубогінде Қазақстан – Аргентина матчында Тимофей Скатов есепті теңестірді. 



Соңғы жаңалықтар