Александр Бублик тұсауын кескен балақай теннис добын таңдады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Дэвис кубогының Қазақстан мен Монако арасындағы матчтың жеребе тарту рәсімінен кейін ойыншылар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты.
Іс-шара барысында қос құрама капитандары құттықтау сөздер айтып, ал ойыншылар естелік сыйлықтармен алмасты.
Теннисшілер үшін ұлттық ойындар — асық ату мен ләңгі тебу ұйымдастырылды. Онда меймандар тек бақылап қана қоймай, ұлттық ойындарда өзін сынап көріп, Қазақстанның мәдени мұрасымен жақындасуға мүмкіндік алды.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик қазақтың ең танымал дәстүрлерінің бірі — тұсау кесуге қатысты.
Теннисші Аян Бейбітұлының тұсауын кесіп, оның қадамына сәттілік тіледі. Содан кейін тәй-тәй басқан балақай теннис добын таңдады. Бұл сәт қатысушылардың ду қол шапалақтауына ұласты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының теннистегі ең биік шыңдарды бағындырғысы келетіні жөнінде айтқанын жазған едік.
Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды.
Жас теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты.