Александр Шевченко Словакиядағы жарыста екінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 100-ракеткасы Александр Шевченко Братислава (Словакия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Александр Шевченко
Фото: ҚТФ

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 213-орында тұрған ұлыбританиялық Ян Чоинскимен кездесті.

Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте 6:2 есебі тіркелді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Чоински 3 эйспен шектелді.

Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 287-сатыдағы италиялық Федерико Чинамен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 119-ракеткасы, америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды — 7:6 (7:3), 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лондон турнирінде Рыбакина мен Путинцеваның жұптық сында ширек финалға шыққанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар