Александр Уваров ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлет Александр Уваров 88 келі салмат санатында жеңіске жетіп, ел рекордын жаңартты.

спорт
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Уваров – 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 2025 жылы ол әлем чемпионатында 5-орынды иеленсе, бүгін екі жаттығыудың қорытындысында 361 келіні көтеріп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. 

- Серпе көтеруімді 90-95 пайызға бағалаймын, мұнан да жақсырақ өнер көрсете алар едім. Ал жұлқа көтеруіме көңілім толмайды. Мен үшін бұл кішкентай ғана нәтиже. Жаттығу кезінде мұнан жоғары болатын. Дегенмен, болар іс болды. Ары қарай дайындалып, қателіктерімді түзетемін, - деді спортшы.

Александр Уваров өткен жылдың желтоқсан айында өткен әлем чемпионатынан кейін ұзақ уақыт жарыс жолына шықпау да өз әсерін тигізгенін айтады.

- Үш отаны қатарынан жасаттым десем де болады. Бұл менің биылғы алғашқы жарысым. Өткен жылдың 10 желтоқсанында әлем чемпионатында, ал бүгін – 5 желтоқсанда республика чемпионатында өнер көрсеттім. Өз салмақ санатымда үздік болдым. Өзімді тамаша сезінемін, - деді ол.

Алматылық Әлібек Рақымберді екінші орын алды. Ол екі жаттығуда 342 келі бағындырды. Үздік үштікті 317 келі көтерген қызылордалық Ерасыл Сәулебеков түйіндеді.

Ертең жарыс жолына 94 келі салмақ санатындағы спортшылар шығады. Ал жарыстың соңғы күнінде 110 келі салмақ санатындағы ауыр атлеттер бақ сынайды.

Осыған дейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы допингке қарсы бақылауды күшейткені туралы жаздық.



Соңғы жаңалықтар