Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алексей Цой: Дүйсенбіден бастап 5 өңірде шектеу шаралары қатаңдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 тамыздан бастап бірнеше өңірде Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алексей Цой: Дүйсенбіден бастап 5 өңірде шектеу шаралары қатаңдайды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексец Цой орталық коммуникацяилар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Республика бойынша тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткішінің 65 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыға тиесілі. Осыған байланысты кеше ведомствоаралық комиссия аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын бекітті. Ол шектеулер 2 тамыздан бастап күшіне енеді», - деген министр шектеудің қандай мекемелерге бағытталғанын атады.

«Меншік иесіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау нысандарынан, БАҚ ұйымдары мен азық-түлік дүкендерінен, дәріханалар мен өмірді қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа Ashyq жобасына қатыспайтын барша кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады. Ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той мен еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады», - деді Алексей Цой.