Алексей Ни: Риода өтетін Олимпиада Қазақстанның ауыр атлетика тарихындағы ең сәттісі болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетика бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни республикалық Sports.kz интернет порталы тілшісіне берген сұхбатында ауыр атлетика құрамасының Олимпиадаға дайындығы, олимпиада алдындағы жарыстар жайлы айтты, сондай-ақ Бразилиядағы Қазақстан спортшыларының негізгі бәсекелестерін атады.
None
None

- Алексей Геннадьевич, біздің атлеттер де іліккен допинг жайлы дау-дамай көпшілік үшін күтпеген жағдай болды десе де болады... Алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермес үшін Федерация не істеуі қажет деп ойлайсыз?

- Бұл сұрақты Федерацияға қойған жөн болар.

- Мұның бәрі біздің атлеттерді «орнына қою» мақсатында және Риода Қазақстанды медаль алу мүмкіндіктерінен айыру үшін жасалып жатқан жоқ па?

- Бұл жайлы ештеңе айта алмаймын. Менің жұмысым - команданы жаттықтырып, жарысқа дайындау.

- Жазғы олимпиадалық ойындар алдында біздің отандастардың қатысуымен қандай жарыстар өтеді?
- 3-7 маусымда Талдықорғанда Қазақстанның іріктеу чемпионаты өтеді. Басқа да жарыстар бар, ал негізгісі - ел чемпионаты, оған Ильин, Подобедова, Чиншанло және басқа да көшбасшылар қатысады. Төрт әйел, қосымша екі спортшы, алты ер адам, оған да қосымша екі адам іріктейміз. Нәтижелер әлемдік рейтингте үшінші орыннан төмен болмауы тиіс. Бәрі бірден байқалады: егер көтерсе - жақсы, көтермесе - көтермегенін бәрі көреді. Бұрынғы жетістіктері назарға алынбайды. Қазақстан чемпионатында 90 пайыздық дайындық өтеді. Айқас Олимпиадаға қарағанда, күштірек болады. Ел чемпионатына 30-ға жуық спортшының қолжетімділігі бар. Дайын спортшы Риоға барады. Олимпиадаға жарысқа бес күн қалғанда, үш топ болып ұшамыз. Бейімделу үшін бес күн жетеді. Бұл тексерілген.

- Рио-де-Жанейрода ұлттық командада танылған көшбасшылардан тыс кімнен жағымды тосын сый күтесіздер?
- Әр жұма сайын тексеріп отырамыз. Іріктеуден кім өтеді, сол барады. Жоғары орындарға таласу үшін ең лайықты спортшылар таңдалады. Он адамның барлығы - лайықты. Дегенмен мен болжам жасап, уәде бере алмаймын. Бұл біз үшін ауыр атлетикадағы ең сәтті Олимпиада болады деп ойлаймын. Бапкерлік құрамға тәжірибелі, мықты адамдар таңдалды. Командада 2-3 цикл бойынша бапкерлер бар. Мен үшін бұл алтыншы Олимпиада.

- Дайындық кесте бойынша өтіп жатыр ма?
-Дайындық жоспары Қазақстан кубогында Қызылордада республикалық бапкерлер кеңесінде жасалды. Наурызға, сәуірге, мамырға жаттығулар бойынша кесте жоспарланды. Бастысы - жұмыс істеу керек, жұмыс істеу керек және жоспарды орындау қажет. Содан соң іріктеуге көшеміз.

- Илья Ильин, таяуда әлемдік рекордты жаңартқаны белгілі, Жазғы ойындарда оның жеңіске деген мүмкіндіктерін қалай бағалаған болар едіңіз?
- Жеңу міндетін қоя білді. Әрқашан міндет қоя білу қажет. Реті келсе - рекорд жасайды. Грозныйда әлемдік рекорд орнату міндеті тұрды. Хьюстонда командаға жұмыс істеу керек болып, ол бара алмады. Рекорд жаңартуға ұмтылып, жолдары болмай, қарсыластары озған талай спортшыларды білемін. Илья қарсыластарын 1 келіге немесе Алматыдағы сияқты тек салмағы бойынша болса да жеңсе деймін.

- Бразилияда біздің спортшыларға басты бәсекелестер кім?
- Олар әлемдік ауыр атлетика көшбасшылары: Қытай - №1 команда, Солтүстік Корея - № 2 команда, Ресей - №3 команда. Тағы да бірнеше елдер бар, алайда оларда 1-2 спортшыдан ғана. Ал команда ретінде үш бәсекелес. Біз жалпы есепте үшінші орынға Ресеймен бәсекелесеміз.

- Мықты бапкер дарынды байқап қана қоймай, психолог та болуы қажет. Қамқорлығыңыздағы спортшылардың одан әрі жетістікке ұмтылуына күш беріп, көп жағдайда олимпиадалық немесе әлемдік «алтын» алатынына сеніміңіз басым екені байқалып жатады.
- Бәріне айтып отырамын: «Жұмысты мимен ойлап бастау қажет» деп. Штангашыларға күшпен қоса, бас қажет. Спортшы жарысқа келіп, медальды ұтуы қажет екенін білуі қажет. Ол жан-жақты болғаны абзал. Жарысқа барлығы мінберге көтерілу үшін барады. Психолог та штангашы болып, спорттың бұл түрін білуі керек. Спортшылар психологиялық тестке мән бермейді. Олар оны орындамай, ұйықтап отырады. Ешбір психолог тізесі жыртылып, шынтағы шығып кетпес үшін штанганы қалай көтеру қажеттігін түсіндіріп бере алмайды. Егер ол қазір темірді көтере алмаса, онда Қазақстан чемпионатында ол жетістікке жете алмайды. Олимпиада - мүлдем басқа жарыс. Спортшыға ол табиғатынан берілмесе, Олимпиадада жеңіліп қалады. Дарыны болған күнде де ол үлкен дайындықтың арқасында ғана биікті еңсереді.

- Көбі допингке түсіп қалуда, әсіресе, бұл посткеңестік кеңістік елдерінің өкілдері. Бұған медперсонал біліктілігінің қатысы бар ма?

- Мұның қыр-сыры көп. 1 қаңтардан бастап тыйым салынған препараттардың жаңа тізімі енгізілді. Оған жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартатын милдронат дәрумені де енгізілген, бұрын мұны қабылдауға рұқсат болған. Посткеңестік елдер - «қоқыс шұңқыры» сияқты, мұнда жасанды препараттар әкелінеді. Хьюстонда әлемдік чемпионатта посткеңестік спортшылардан 22 адам, үш солтүстіккорейлік түсіп қалды. Америкалықтар мен Еуропа бәрін ерте біліп отырады, оларда ақпарат барынша қолжетімді. Құрамына не қосқанын толық жазбайтын (тыйым салынған қоспалар) арзан препараттар, биоқоспалар бар. Америка, неміс препараттары - қымбат, ал Гонконг пен Қытайда арзан. Қытайлықтар жасанды препарат сатуы мүмкін, Ловчев пен Зубова осылай ұрынып қалды. Олар тікелей допинг қабылдамайды, себебі жарысқа түсу құқығынан айырылатынын біледі. Ал бұл препараттар ағзада ұзақ уақыт сақталады екен.

- Алексей жұмыста эмоцияға берілмейсіз. Үйде қандай отағасысыз?
- Оны үйдегілерден сұраған жөн шығар. Жұмыс бөлек, ал үй мүлдем басқа. Үйде балаларың, әйелің, анаң, ағаң, әпкең бар, өз-өзіңмен демалуға жақсы. Жұмыстағы эмоция - күйзелістің белгісі. Кейде оң, кейде теріс болып жатады. Жарыстарда тәулік бойы ұйықтамай жүретін кездер болады. Тіпті 3-4 келі салмақ тастаймын. Сол кезде өзімді 10 литр қан берген донор сияқты сезінемін. Күшің сарқылады. Ал үйде демалып, тынығасың.

Соңғы жаңалықтар