ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Олимпиада - елдер арасындағы лайықты бәсекелестік

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Осыдан бірнеше сағат бұрын ғана жер шарының 200-ден астам мемлекетінің өкілдері халықаралық спорт өміріндегі басты оқиғалардың бірі - ХХХ жазғы Олимпиада  ойындарын бастады.
None
None

Олимпиада ойындарының негізгі ашылу салтанаты Лондон уақыты бойынша сағат 21:00-де (астана уақыты бойынша 02:00) британ елордасының шығысындағы Стратфордтағы Олимпиадалық саябақтағы бас стадионда өтті. Соңғы сәтке дейін ашылу рәсімінің сценарий барлығы үшін құпия болып келген еді. Алайда шоу директоры, танымал британдық кинорежиссер Дэнни Бойл үш сағатқа созылатын таңғажайып әрі мазмұнды бағдарлама ұсынуға уәде еткен болатын.

Салтанатты шараның басталуын үш мәрте олимпида чемпионы «Тур де Франс-2012» веложарысының жеңімпазы Брэдли Уиггинс паш етіп, әлемдегі ең үлкен 27 тонналық қоңырауды соқты.

Ал Олимпиаданың ашылу салтанатының өзі әлемге елдің Шекспир заманынан қазіргі күнге дейінгі аралықтағы тарихынан сыр шертететін «Таңғажайып аралы» деген атаудағы бір қойылымның аясына топтастырылған. Бірнеше мыңдаған актердің қатыуымен қойылған ондаған тамаша шоудан әлем халқы британдықтардың өміріндегі ең маңызды даталар мен оқиғалардан, атап айтқанда, елдегі өнеркәсіп төңкерісі, буржуазия мен кәсіпкерліктің пайда болуы, бүкәлемдік Интернет жаһандық желісінің жасалуы, денсаулық саласындағы жетістіктер және басқа да елдің мақтаныштарынан мол мағлұмат алды. 

Тіпті ашылу рәсіміне Ұлыбританың ең басты символы Елизавета Патшайымның келуінің өзі танымал Джеймс Бондтың қатысуымен шым-шытырықты сюжетті фильмдей көрсетілді. Тікұшақпен стадионға жеткен Королева мен Бонд парашют арқылы түсті. Таратылған деректерге қарағанда, ашылу салтанаты елдің 27 млн. фунт стерлинг қаржысын қарпыған. Салтанатты ашылу рәсіміне 95 елдің мемлекет және үкімет басшылары, оның ішінде Қазақстан Респубилкасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Олар басты алаңда Букингем сарайында Королеваның қабылдауынан кейін келді.

Жұма күні  Олимпиада алауы эстафетасының 70-ші күні аяқталды. Осы уақыт аралығында 8 мың алаугердің көмегімен ол 8 мың миль қашықтықты жүріп өтті. Факелдің өзі ағылшындықтардың кеудесінде зор мақтаныш тудырады. Алюминий қорытпадан үшбұрышты пішінде жасалған, 8 мың дөңгелек ойығы бар факел отты грекиядағы Олимптен Лондонға жеткізді.

Есімі әлемге мәшһүр ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм спорттық катермен алауды Темза өзені арқылы стадионға жетізді. Шамамен түн ортасында британдық ескекші, 5 дүркін Олимпиада чемпионы Стив Редгрейв факелді стандионға жеткізіп, британдық 7 жас спортшыға табыстап, олар Лондондағы басты алауды жақты. Осыдан кейін  Королева Лондондағы 2012 жылғы Олимпиаданың ресми ашылғандығын жария етті.

ХХХ Олимпиада ойындары Лондонда 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді.  Айта кетерлігі, ойындар ресми ашылу салтанаты болмай жатып, 25 шілдеде басталған еді. Паралимпиадалық ойындарда да осы қалада 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында өтеді.

   Жарыстар Ұлыбританияның елордасымен қатар Глазго, Ковентри, Кардифф, Манчестер, Дорни, Ньюкасыл және Бирминг қалаларында өтеді. Осы жолғы байрақты бәсекеге дүниежүзінінің 204 елінен 10 мың спортшы қатысады. 6 саңлақ тәуелсіз спортшылар ретінде жарыс жолына шығады. Жалпы, спорттың 37 түрінен 302 награда топтамасы сарапқа салынады.

Осы жолғы Олимпиада ойындарының спорт түрлері бойынша бірқатар ерекшеліктері бар. Софтбол мен бейсбол бағдарламадан алынып тасталған. Ал қосылған спорт түрлері қатарында әйелдер боксы (осыған орай ерлер боксынан 1 салмақ санаты алынып тасталды) бар. Сонымен қатар бірқатар басқа спорт түрлерінде де өзгерістер бар.

 Бағдарламадағы медальдар көп ойналатын жеңіл атлетикадағы сайыстар 3 тамызда басталады. Бұл спорт түрінде 47 медаль топтамасы сарапқа салынады.

Айтпақшы, жазғы ойындар қарсаңында 24 елде жүргізілген жаһандық сауалнама мәліметтері бойынша Лондон Олимпиадасын әлем халқының 4-тен 3-і тамашалауға ниет танытып отыр. Респонденттер ең танымал спорт түрлері ретінде жеңіл атлетика мен футболды (екеуі де 20 пайыздан), одан кейін жүзуді (16), гимнастиканы (14), волейбол мен теннисті (5), баскетболды (4), боксты (3) және велоспортты (2) атаған. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 65 пайызы жарыстарды теледидардан, 23 пайызы интернеттен, 6 пайызы смартфоннан және 4 пайызы планшеттен көретіндігін айтқан.

Осы сауалнаманың қорытындысы бойынша респонденттердің шамамен 38 пайызы Олимпиада ойындары кезінде орын алуы мүмкін лаңкестік әрекеттерден қауіптенеді екен. Дегенмен Біріккен Королдік билігі елдің қонақтары мен тұрғындарының, сонымен қатар спортшылардың қауіпсіздігі қолдарынан келген барлық мүмкіншіліктерді жасап отыр. Лондонның көпқабатты үйлерінің төбесіне зениттік-зымырандық кешендер орнатылған, ал стандиондағы тәртіпті әскери бөлімшелердің күшімен күшейтілген полиция кезекшілері жіті қадағалайды. Қоғамдық көліктердің бірқатар түріне егерде оны айдап қашатындай жағдай болған кезде оператордың басқаруына мүмкіншілік беретін жүйенің орнатылғандығы да хабарланды.

Соңғы жаңалықтар