Әлем чемпионаты-2026: Уэльс пен Бельгияға қарсы ойында кімдерге сенім артамыз

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы
Фото: ҚФФ

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Уэльске қарсы ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» командаларының қарымта кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды

Соңғы жаңалықтар