Әлем чемпионаты-2026 жеңімпаздары тарихта алғаш рет чемпион жүзігіне ие болады
АСТАНА.KAZINFORM — Кубок пен алтын медальдардан басқа, 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаз командасына жеңістің жаңа символы — чемпион жүзіктері табысталады.
Чемпиондар жүзігі жобасы турнирдің өткізілу жылына сәйкес келетін 2026 данамен шектеледі. Оның ішінде 30 ультра-эксклюзивті жүзік әлем чемпиондары үшін сақталады, ал 1996-сы бүкіл әлемдегі жанкүйерлер мен коллекционерлерге қолжетімді болады.
Әр сақинаның екі жақты дизайны бар. Бір жағында ФИФА әлем чемпионатының кубогы, ал екінші жағында жеңімпаз елдің түстері мен белгілері болады.
Чемпиондар жүзігі әрбір ойыншы мен қызметкер үшін жеке жасалып, сериялық нөмірлері мен түпнұсқа сертификаттарымен бірге табысталады.
— Финалдан кейін бірден жеңімпаз команданың капитаны мен бас бапкеріне уақытша жүзіктер беріледі. 30 сақинаның әрқайсысы арнайы тапсырыс бойынша жасалады және кейінірек ресми түрде табысталады. Бұл олардың жетістігін өмір бойы естерінде сақтап тұрады, — делінген ФИФА мәлімдемесінде.
Бұған дейін әлем чемпионатының кубогы стадионға Louis Vuitton чемоданымен жеткізілетіні хабарланған болатын.