Әлем чемпионаты: Англия екінші жеңісіне қол жеткізе ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 24 наурызда Еуропада 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші турының ойындары басталады.

Әлем чемпионаты: Англия екінші жеңісіне қол жеткізе ала ма
Фото: championat.com

Бұл турда G тобында Литва мен Финляндия («Qazsport». 21:50), Польша мен Мальта ойнайды. 

Алғашқы ойынында Польша Литваны 1:0 есебімен жеңсе, Мальта Финляндияға 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Сондай-ақ Н тобында бүгін Сан-Марино мен Румыния, Босния-Герцоговина мен Кипр құрамалары кездеседі.

Бұдан бұрын Кипр Сан-Мариноны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Румыния Босния-Герцоговинаға 0:1 есебімен есе жіберді.

Екінші турда K тобында Албания мен Андорра, Англия мен Латвия («Qazsport». 00:35) құрамалары шеберлік байқасады. 

Алғашқы турда Англия Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, Андорра Латвияға 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетсек, футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Лихтенштейнге қарсы өткізеді.

Кездесу наурыздың 25-інен 26-ына қараған түні сағат 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар