Әлем чемпионаты: Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Бельгиямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде елордада Бельгиямен кездеседі.
Бұл ойын Қазақстан уақытымен 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Турнир кестесінде қазақстандық футболшылар 7 ойыннан кейін 7 ұпаймен төртінші орында келе жатса, Бельгия 14 ұпаймен көш басында тұр.
Қазірге дейін отандастарымыз Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен жеңіліп, Солтүстік Македониямен (1:1) тең түссе, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте тізе бүктірді.
Ал Бельгия құрамасы Солтүстік Македония екі мәрте (1:1, 0:0) тең ойнаса, екі мәрте Уэльстен (4:3, 4:2), бір мәрте Лихтенштейннен (6:0), Қазақстаннан (6:0) басым түсті.
Бүгін жеңіске жеткен жағдайда бельгиялық футболшылар әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдамаға қол жеткізеді.
FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы 119 орында тұрса, Бельгия 8 орынға жайғасқан.
Екі құрама қазірге дейін 7 мәрте кездесіп, оның 2-де тең нәтиже тіркелсе, қалғанында отандастарымыз қарсыласына есе жіберіп қойды.