Әлем чемпионаты: Чехия хоккейшілері овертаймда Швейцарияны жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2025 жылғы әлем чемпионаты жалауын көтерді.

Алғашқы ойында Швейцария мен Чехия кездесті. Кездесуді швейцариялық хоккейшілер белсенді бастаған еді. Қатарынан екі шайба соғып, басымдықты арттыра түсті. Олардың қатарынан Кристиан Марти 1, Дамьен Риа 17-минутта мергендігімен көзге түсті.
Ал одан кейін чехиялық құрамадан Матей Странски 19, Филип Задина 26, Филип Пирохта 35-минутта қатарынан үш шайба соғып кетті.
Ендігі кезекте швейцариялық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетіп, қарсыластар қақпасына екі шайба енгізді. Оны Сандро Шмид 41, Свен Андригетто 49-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ойынның 56-минутында чехиялық Лукаш Седлак таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда чехиялық Роман Червенка жеңіс шайбасын соғып кетті.
Тағы бір кездесуде Аустрия мен Финляндия кездесті. Кездесу барысында финляндиялық Патрик Пуйстола 4, Юусо Пярссинен 7-минутта гол соқса, оған Бернд Вольф 13-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша Финляндия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді 23:15-те Швеция мен Словакия, Дания мен АҚШ шеберлік байқасады.