Әлем чемпионаты: Финляндия құрамасы Словенияны ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында бүгін, 15 мамырда төрт ойын өтеді.

Қазіргі дейін А тобында Финляндия мен Словения кездесуінің нәтижесі белгілі болды. Бұл ойында финляндиялық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті.
Нәтижесінде олардың қатарынан Микко Лехтонен 2, 7, Вили Саариярви 11-минутта қатарынан үш шайба соғып кетті. Оған словениялық Бине Машич 24-минутта бір голмен жауап қайырды.
Одан кейін финляндиялық Ээли Толванен 26, 35, 39, 52, Ленни Хямеэнахо 28, Николас Матинпало 42-минутта мергендік танытты.
Осылайша Финляндия қарсыласынан 9:1 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ В тобында Швейцария құрамасы Германияны 5:1 есебімен басым түсті.
Ойын барысында Дамьен Риа 24, Свен Андригетто 25, 33, 34 48-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Оған германиялық Йонас Мюллер 58-минутта бір голмен жауап берді.
Енді А тобында Канада мен Аустрия, В тобында Чехия мен Мажарстан шеберлік байқасады.