Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы ойындары алдында екі жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстандық хоккейшілер алдымен 15 сәуірде Венгрия, 17 сәуірде Австриямен мұзайдынға шығады.
Венгрияның Секешфехервар қаласында олар 20-26 сәуір аралығында Австрия, Дания, Венгрия, Словения және Украинамен кездеседі.
Аталған турнирдің ойын кестесі:
- 20 сәуір, 22:30. Словения - Қазақстан
- 21 сәуір, 22:30. Қазақстан - Венгрия
- 23 сәуір, 22:30. Қазақстан - Дания
- 24 сәуір, 19:00. Австрия - Қазақстан
- 26 сәуір, 22:30. Қазақстан - Украина.
Хоккейшілер тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Элиталық хоккей академиясы», АҚШ), Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин («Барыс»)
Қорғаушылар: Ильхан Болатов (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Раты Дурглишвили, Санжар Ибрагим, Никита Ломако, Дамир Бритиков («Петров академиясы», Ресей), Даниил Медведев, Руслан Түсіпбеков («Барыс»), Святослав Евплов («Армия СКА», Ресей), Төрехан Сәрсенбай (Оңтүстік Кент мектебі, АҚШ), Арман Төлен (Атлант жағалауы академясы, АҚШ).
Шабуылшылар: Әлихан Бақыт, Таир Бигаринов, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Саркенов, Александр Симахин, Тамерлан Тілеубаев, Леонид Шакенов («Барыс»), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен), Бексұлтан Макыш (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Матвей Умеренков («Сарыарқа»).
Айта кетсек, былтыр қазақстандық хоккейшілер он бір жылдан кейін элиталық дивизионда сынға түсті. Биыл тағы бір мәрте үздіктер қатарына оралу үшін сайысқа түседі.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында үшінші ойынында Ұлыбританияға есе жіберді.