Әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова (57 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Карина Ибрагимова
Фото: Спорт комитеті

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күні, 12 наурызда қазақстандық боксшы колумбиялық Валерия Мендосаны айқын басымдықпен жеңді. 

Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда Надежда Рябец (75 келі) Сьерра-Леоне өкілі Коромамен шаршы алаңға шығады.

Ал Наталья Богданова (70 келі) кешкі сессияда испаниялық Мас Мартинезбен қолғап түйістіреді.

Бүгін бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) ¼ финалға жолдама алды.

Сондай-ақ Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) енді 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар