Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бірінші дивизионға түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы алтыншы ойынын бүгін АҚШ-қа қарсы өткізеді.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Қазірге дейін алты кездесудің іреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберіп қойды.
Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8) есе жіберді.
Сондықтан бүгінгі кездесуде Қазақстан құрамасы үшін қарсыласын жеңу немесе негізгі кезеңде ұтылмауы қажет еді. Ойын отандастарымыз үшін сәтті басталды. Қазақстандық хоккейші Аркадий Шестаков 15-минутта есеп ашты. Одан кейін швейцариялық құрама таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде олардың қатарынан Кевин Фиала 39-минутта мергендік танытса, 47-минутта Свен Андригетто Швейцария құрамасын алға шығарды.
Ал олардың қатарынан Андрес Амбюль 57, Дамьен Риа 58-минутта тағы екі гол соғып кетті.
Осыллайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп, соңғы бес жылда алғаш рет бірінші дивизионға түсіп қалды.
Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2021 жылғы оныншы орын.
Енді В тобында 19:20–да Чехия мен АҚШ, 23:20–да Германия мен Дания ойнайды.
Ал А тобында 19:20–да Словакия мен Финляндия, 23:20–да Швеция мен Канада кездеседі.
Әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін Канада — 28 Ресей (КСРО) — 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция — 11, Финляндия — 4, АҚШ — 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.