Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Германиямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы екінші ойынын бүгін Германияға қарсы өткізеді.Кездесу қазақстандық уақытпен 19:20–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды.
Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Екі құрама бұған дейін бес мәрте шеберлік байқасты. Оның біреуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанына қарсыласына есе жіберді.
Бірінші турда Қазақстан Норвегияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Германия Венгриядан 6:1 есебімен басым түсті.
Германия құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Филипп Грубауэр («Сиэтл Кракен», АҚШ), Маттиас Нидербергер («Ред Булл», Германия).
Қорғаушылар: Корбиниан Гейбел, Йонас Мюллер (екеуі — «Айсберен Берлин», Германия), Леон Хюттль, Фабио Вагнер (екеуі — «Ингольштадт», Германия), Лукас Кельбле («Адлер Мангейм», Германия), Мориц Зайдер («Детройт Ред Уингз», АҚШ).
Шабуылшылар: Максимилиан Кастнер, Ясин Эхлиз, Патрик Хагер (барлығы — «Ред Булл», Германия), Войцех Стаховяк («Ингольштадт», Германия), Александр Эль, Марк Михаэлис (екеуі — «Адлер Мангейм», Германия), Доминик Кагун («Лозанна», Швейцария), Леонард Пфёдерль, Фредерик Тиффельс (екеуі — «Айсберен Берлин», Германия).
Сондай-ақ бүгін аталған топта АҚШ пен Венгрия, Норвегия мен Чехия кездеседі.
Ал А тобында Словакия мен Словения, Латвия мен Канада, Финляндия мен Франция шеберлік байқаады.