Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай украиналық боксшыны жеңіп, жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатының ширек финалында украиналық былғары қолғап шебері Анна Охотамен жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсті. 

жартылай финалға жолдама алды
Фото: ҰОК / Сали Сабиров

Осылайша отандасымыз Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетейік, бұған дейін 8 боксшымыз жартылай финалға шығып қойған болатын.

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ливерпуль қаласындағы бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде неше боксшымыз шаршы алаңға шығатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар