Әлем чемпионатында қазақстандық үшінші боксшы жарысты аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан үшінші боксшы жарыс жолын аяқтады.

Дәулет Төлемісов
Фото: Видеодан алынған скрин

Ел құрамасынан 1/8 финалда Дәулет Төлемісов (86 келі) өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен кездескен еді. Дегенмен қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатынан тыс қалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі), Ертуған Зейнулинов (63.5 келі) ширек финалға жолдама алған еді.

Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Даниял Сәбит (51 келі) Леник Фернандес (Кабо-Верде), Оразбек Асылқұлов (57 келі) Мукело Дламини (Эсватини), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Александр Радионов (Беларусь) сынды қарсыластарымен шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ 8 желтоқсанда ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар