Әлем чемпионаты: ширек финалға Қазақстан құрамасынан қанша боксшы шықты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты. Бұл жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты: ширек финалға Қазақстан құрамасынан қанша боксшы шықты

Ширек финалға он екі боксшысы шыққан Куба бірінші орында келеді. Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан - он бір, Ресей - сегіз былғары қолғап шеберіне үміт артады.

Ал, Испанияда - алты, Франция мен Грузия - бес, Иордания, Тәжікстан мен Болгария - төрт, Қырғызстан, Үндістан, Бразилия мен Армения - үш, Жапония, Венесуэла, Таиланд, Моңғолия, Қытай, Әзербайжан, Замбия, Мексика - екі, Тайвань, Шотландия, Аустралия, Хорватия, Венгрия, Беларусь, Колумбия, Гана, Италия, Австрия бір-бірден үздіктерін жарысқа қосады.

Еске салсақ, 9 мамырда ел құрамасынан төрт боксшы ширек финалға жолдама алса, біреуі жарыс жолынан шығып қалды.