Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында футболшылардың бағасына сараптама жасалып, ең қымбат құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама анықталды

Футбол статистикасына маманданған Transfermarkt порталының хабарлауынша, мундиальдағы ең қымбат команда - Англия құрамасы. Олардың жалпы бағасы 1 млрд 260 млн еуроны құрады. Аталған құрамадағы ең қымбат ойыншы - Гарри Кейн 100 млн еуроға бағаланған.

Екінші орында Франция тұр (953,5 млн еуро). Қымбат ойыншысы - Килиан Мбаппе - 160 млн еуро.

Ал Бразилия құрамасының бағасы 899,5 млн еуро деп есептелсе, Винисиус Жуниор 100 млн еуро тұрады.

Одан кейінгі орындардағы Испания - 798 млн, Германия - 728,5 млн, Нидерланды - 658,5 млн, Аргентина - 641,7 млн, Бельгия 465,5 млн еуро деп бағаланады.

Айта кетсек, бұған дейін әлем футболының жұлдыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаты финалдық сатысына бесінші мәрте қатысатынын жаздық.

Сондай-ақ, футболдан әлем чемпионатына қай команда көп ойыншы жіберген белгілі болды.

Еске салсақ, бүгін А тобында Сенегал - Нидерланды, В тобындағы Англия - Иран, АҚШ - Уэльс ойындары болады.


Фото: championat.com