Әлем кубогы: Арина Малиновская нысана көздеуден үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір Мюнхенде (Германия) нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Арина Малиновская
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтықтан үш қалыпта пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында финалға дейін жетті.

Шешуші сында қазақстандық спортшы сегізінші орын алды.

Аталған бағдарламада Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия) жеңіске жетті. Екінші орынды Шонейд Макинтош (Ұлыбритания) иеленді. Ал қола медальді Анна Янссен (Германия) жеңіп алды.

Осыдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.