Нысана көздеуден әлем кубогы кезеңі: Ұлттық құраманың тізімі жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM - Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарысқа қатысушылардың тізіміне 15 қазақстандық спортшы енді.
Ұлттық құраманың тізімі:
– Никита Чирюкин
– Кирилл Федкин
– Елдар Иманқұлов
– Артемий Кабаков
– Константин Малиновский
– Валерий Рахымжан
– Ислам Сәтпаев
– Никита Шахторин
– Руслан Юнусметов
– Сәуле Әлімбек
– Елизавета Безрукова
– Арина Малиновская
– Валерия Попелова
– София Шульженко
– Нина Старова
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңі 24-31 мамыр аралығында өтеді.
Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» мен БИІК ірі жеңіске жеткенін жазған едік.