Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» мен БИІК ірі жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан еліміздің әйелдер лигасының төртінші туры мәресіне жетті.

әйелдер футболы
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді.

А конференциясында — 9 команда, В конференциясында — 10 команда ойнайды.

Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.

Алдымен 18 мамырда А конференциясында командалар өзара сайысқа түсті. Олардың арасынан БИІК сырт алаңда «Жетісу» командасын 10:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ал В конференциясында «Ақтөбе» клубы «Шахтерді» 11:0 есебімен тізе бүктірді.

18 мамыр

А конференциясы

«Қайрат» (Алматы) - «Каспий» (Ақтау) 4:0

«Атырау» - «Қайсар» (Қызылорда) 0:0

«Жетісу» (Талдықорған) - БИІК (Шымкент) 0:10

«Ордабасы» (Шымкент) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:2

19 мамыр

В конференциясы

«Алтай» (Өскемен) - «Ертіс» (Павлодар) 0:1

«Елімай» (Семей) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 9:0

«Қызылжар» (Петропавл) - «Тобыл» (Қостанай) 2:0

«Шахтер» (Қарағанды) - «Ақтөбе» 0:11

«Жеңіс» (Астана) - «Астана» 5:1.

Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.