Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық алты боксшы сайысқа түседі
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 1 шілдеде ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады.

Күндіззгі сессия қазақстандық уақытпен14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі төмендегіше:
Күндізгі сессия
- 1-жұп (А рингі). Әйелдер. 54 кгелі Анель Сакыш - Феруза Казакова (Өзбекстан)
- 5-жұп (В рингі). Ерлер. 55 келі. Махмуд Сабырхан - Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)
- 9-жұп (А рингі). Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
Кешкі сессия
- 4-жұп (В рингі). Әйелдер. 75 келі. Надежда Рябец - Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
- 6-жұп (В рингі). Ерлер. 60 келі. Серік Теміржанов - Джейкоб Кассар (Аустралия)
- 11-жұп (А рингі). Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы).
Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.
Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.
Дүбірлі дода 30 маусым-6 шілде аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Еске салсақ, әлем кубогында 30 маусымда қазақстандық төрт боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.