Әлем кубогы: Қазақстан боксшылары 15 маусымда қалай ойын көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Гуйян қаласында бүгін, 15 маусымда жалауын көтерген бокстан әлем кубогының екінші кезеңінде шаршы алаңға шыққан 5 отандасымыз жеңіске жетті.
60 келі. 1/16 финал. В рингі
Серік Теміржанов - Денис Брил (Германия) - 5:0
2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов әлем кубогында жинақы қимыл көрсетті. Жекпе-жек барысында ол қарсыласына ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде ола германиялық боксшыны тізе бүктірді.
90 келі. 1/8 финал
Нұрбек Оралбай - Гичшае Ким (Оңтүстік Корея) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатты.
80 келіден жоғары. 1/16 финал
Сабыржан Аққалықов - Хиабао Уанг (Қытай) - 5:0
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов енді 80 келіге көтерілуге шешім қабылдады. Отандасымыз 1/16 финалда жарыс қожайыны Хиабао Уангтан 5:0 есебімен басым түсті.
90 келіден жоғары. 1/8 финал. А рингі
Айбек Оралбай - Нажай Райт (АҚШ) - 5:0
Әлем чемпионы, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай 1/8 финалда АҚШ боксшысы Нажай Райтпен жолықты. Қарсылас алға ұмтылып, белсенді болуға тырысты. Соған қарамастаотандасымыз шеберлігінің арқасында жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
80 келіден жоғары. 1/4 финал. А рингі
Дина Исламбекова - Лиона Дарси (Ирландия) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
75 келі. 1/8 финал
Наталья Богданова - Зио Бао (Қытай, биылғы Азия чемпионы) - 1:4.
Әлем чемпионы, 75 келіге көтерілген Наталья Богданова алғашқы айналымда жарыс қожайыны Зио Баомен (Қытай) шиеленісті жекпе-жек өткізіп, 1:4 есебімен есе жіберді.