Әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов Өзбекстан боксшысымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Бокс федерациясы хабарлады.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 80 келіге көтерілуге шешім қабылдаған Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда жарыс қожайыны Хиабао Уангпен жолығып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша Сабыржан Аққалықов екінші айналымға өтті. Енді отандасымыз 17 маусым күні әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) күш сынасады.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңді.