15:31, 12 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Әлем кубогы: қазақстандық шаңғышылар командалық спринтте бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – 12 желтоқсанда Швейцарияның Давос қаласында шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңі басталады.
Спортшылар командалық спринт сайысында сынға түседі.
Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан атынан екі командадан қатысады.
Жарыс жолына келесі дуэттер шығады: Әмірғали Мұратбеков / Виталий Пухкало, Ілияс Исабеков / Ернар Нұрсбеков, Анна Мельник / Ангелина Шурыга, Дарья Ряжко / Надежда Степашкина.
Еске сала кетейік, бұған дейін Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі басталатынын жазған едік.