Әлем кубогына қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

бокс
Фото: pixabay.com

Әлем кубогының бірінші кезеңі World Boxing аясында 30 наурыз - 6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл жарыста еліміздің атынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) бар.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Eкінші кезең 30 маусым - 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар