Әлем кубогында Надежда Рябец әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Надежда Рябец (75 келі) күміс жүлдегер атанды.

Надежда Рябец әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Финалда Надежда Рябец норвегиялық Суннива Хофстадпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Енді кешкі сессияда финалда Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.

Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар