Әлемде халық саны азайып барады — неміс демографы

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемде 8 миллиардтан астам адам өмір сүрсе де, көп елде халық саны азайып барады. Неміс демографы Мартин Буйярд қазір дүниежүзінде бала саны азайғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Bild агенттігі жазды.

демография
Фото: Pexels

Висбадендегі Федералдық демография институтының зерттеулер директоры Мартин Буйярд Германияда туу деңгейі әр әйелге шаққанда 1 жарым балаға да жетпейтінін айтып, бұл көрсеткіш қауіпті деп санады. Демографияда 1,5-тен төмен көрсеткіш критикалық деп есептеледі.

Оның айтуынша, халықты тұрақты көбейту үшін шамамен 2,1 бала қажет. Сол кезде ғана елде жастар жеткілікті болып, халық қартая бермейді. Халық санының азаюы үлкен проблема емес. Ең маңыздысы — халықтың жас құрылымы.

— Германияда 85 миллион немесе 70 миллион адам өмір сүрсе де өмір сапасына әсер етпейді. Егер жастар саны азайып, зейнетке шығатын адамдар көп болса, онда жағдай қауіпті болады, — дейді ол.

Бұл дағдарыстың қауіптілігі ол баяу және байқалмай дамиды: бүгін дүниеге келмеген балалардың жетіспеушілігі 20 жылдан кейін ғана сезіледі. Ол кезде кәсіптік мектептерде оқушылар, білікті мамандар және салық төлеушілер жетіспейтін болады.

— Мәселе 40 жыл бұрын бұл тек кейбір Еуропа елдеріне және Жапонияға қатысты еді. Қазір әлемнің көп елін қамтиды, — дейді Буйярд.

Ерекшелік — Африка мен араб елдері. 

Жағдай әсіресе Азияда күрделі. Оңтүстік Кореяда бір әйелге шаққанда туу деңгей шамамен 0,8 бала болса, Гонконгта одан да төмен. Ал Африка мен араб елдері керісінше. 

Буйярдтың айтуынша, көп адам отбасылы болуды қалайды, алайда дені балалы болуды кейінге қалдырып келеді.

— Адамдар балалы болуды кейінге қалдырған сайын, өз армандарын жүзеге асыру мүмкіндігі азая береді, — дейді демограф.

Айта кетейік, Жапонияда демографиялық құлдырау 45 жыл қатарынан жалғасып келеді.