Әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқау жеңімпаздары ҰБТ-сыз білім грантын алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсуге мүмкіндік алады. Осыған қатысты тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқау жеңімпаздары ҰБТ-сыз  білім грантын алады
«Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді. Оқушыларымыз әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алды. Осылайша ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленген болатын. Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр», - деп жазды министр желідегі парақшасында.
Тізбемен мына жерден танысуға болады.
Еске салсақ, Халықаралық олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға ақшалай сыйақы беріледі.