Әлемдік көшбасшылар мен діндер көшбасшылары әйелдер құқықтарына баса назар аударуы тиіс - Аятолла Мухаммад Әли Тасхири
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қақтығыстар болып жатқан жерлерде әйелдер құқықтары тапталып жатыр.
Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезінде Мазхабтарды жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы Аятолла Мухаммад Әли Тасхири мәлім етті.
«Бүгін мен өзімнің сөзімде әйелдер рөліне қатысты мәселені қозғағым келеді. Бүгінде әйелдер бастарынан көптеген азаптарды өткеруде, әсіресе бұл соғыс және қақтығыс болып жатқан жерлерде орын алуда. Әйелдер құқықтары тапталуда. Осы тұрғыда әлемдік көшбасшылар мен діндер көшбасшылары міндетті түрде осы мәселені зерттеуі тиіс», деді ол.
Бұдан бөлек, Бас хатшы аналардың өлімі, олардың медициналық тұрғыда көмек алуы мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрғысындағы, сондай-ақ нәзік жандылардың саудасына байланысты проблемаларға тоқталды.
«Осы мәселелердің барлығы тыңғылықты зерделеуді қажет етеді», - деп атап өтті Аятолла Мухаммад Әли Тасхири.