Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-ші съезіне 30 елден 73 делегат қатысады

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-ші съезіне 30 елден 73 делегат қатысатындығын қуаттады.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, 30-31 мамырда елордада өтетін  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-ші  съезі «Адамзаттың таңдауы бейбітшілік пен келісім» атты тақырыппен ұйымдастырылады. Съез барысында жалпы және 4 секциялық отырыс өтеді деп жоспарланған. Олар «дін көшбасшыларының тұрақтылықты дамытуға қол жеткізудегі  рөлі», «Дін және мултикультурализм», «Дін және әйел», «Рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын тегеуріндер», «Дін және жастар» тақырыптары аясында ұйымдастырылады.

«Форумға діни конфессиялар мен ұйымдардың басшылары, белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар және көптеген шетелдік БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазіргі таңда діни көшбасшылар форумына 30 елден 73 делегат өзінің қатысатындығын  қуаттап отыр», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар